Қазалылық сазгер «Ахмет Жұбанов атындағы арнайы жүлдені» жеңіп алды

994

0

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев республикалық байқауда топ жарған сазгер, мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Кемеңгер Өтепті қабылдап, жеңісімен құттықтады.

– Жерлесіміздің республикалық деңгейдегі байқауда жеңіске жеткеніне қуаныштымыз. Әрине мұндай дүбірлі додада «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» ғана оза шабады. Сондықтан сенің жеңісіңмен шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта биік белестерден көріне беруіңе тілектеспін, – деген аудан басшысы Кемеңгер Байназарұлына «Құттықтау» хатты табыс етті.

Айта кетейік, аудандық мәдениет орталығының директоры Кемеңгер Өтеп мәдениет және өнер қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған «Рухани қазына – 2020» республикалық байқауының«Үздік мәдениет қызметкерлері» сайысында «Ахмет Жұбанов атындағы арнайы жүлдесін» жеңіп алды.

Кемеңгер Байназарұлы 2013 жылдан бастап аудандық мәдениет орталығының директоры болып еңбек етіп келеді. Оның «Гүл сыйлаңдар әйелге» әні белгілі әнші Есет Сәдуақасовтың, «Сыр қызы» әні әнші Өмірқұл Айниязовтың репертуарына еніп, республикалық телеарналарда орындалып жүр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<