«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінің премьерасы өтті

2581

0

Театр өнерінің туындысын тамашалауға еліміздің түкпір-түкпірінен өнер және мәдениет майталмандары, зиялы қауым өкілдері және Түркістан қаласының өнерсүйер қауымы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінде Қорқыт алып қарағаштан ойып қобыз жасайды. Әлемді қобыз үнімен әлдилеген бабамыз, көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың көріне» кезігіп, ақыры туған жеріне – дүниенің кіндігі саналатын Сыр-Дарияға оралады.

«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінің премьерасы өтті

Жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша қойылған «Қорқыт туралы аңыз» атты пластикалық спектаклін белгілі ресейлік балетмейстер Константин Семенов сахналады. Композиторы – дарынды жас композитор Хамит Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова.

«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінің премьерасы өтті

Қойылымда кейіпкер сөзі көп емес, өйткені бұл – пластикалық спектакль. Өзгеше айтқанда, артистер оқиғаны, қойылым кейіпкерлерінің ішкі сезімдерін би қимылдары арқылы баяндайды. Бұдан бөлек, пластикалық театр – адамдар түрлі тілде сөйлесетін қоғамға арналған, ал би қимылдарын аудармасыз түсінуге болады.

«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінің премьерасы өтті

Қойылымды тамашалаған Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанды түркі әлемінің мәдени және рухани орталығына айналдыру жолында театрдың маңызы зор екенін айтып, өнер ұжымына алғыс айтты.

«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінің премьерасы өтті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<