«Самғаның» бишілері өнерімен әлемді тамсандырды

799

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  «Самға» би ансамблі Украина елінде қашықтықтан өткен «Яскраві таланти осені» халықаралық байқауында І орынды иеленді.

Мектептің өнерлі зияткерлерінен құралған  «Самға» би тобы аталмыш байқауда  Хассак этно-фольклорлық ансамблінің  композициясына қойылған «Аманат» қазақ биі мен испанның «Firedance» музыкалық қойылымдарын ұсынған болатын. 80-нен астам шығармашыл топтар арасында өнер көрсеткен қызылордалық өрендер үздік деп танылды.

 «Яскраві таланти осені» — Днепрдегі «Спивограй» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілетін дәстүрлі шығармашылық байқауы. Әр елдің талантты жастары мен өнерлі топтарының басын қосатын халықаралық фестиваль өнердің 7 бағыты бойынша жарық жұлдыздардың әлемдік деңгейде жануына мүмкіндік береді.

Бұған дейін бірнеше халықаралық және республикалық деңгейдегі  жарыстар жеңімпазы атанып жүрген зияткер бишілер  бұл жолы да Украинаның шебер  мамандарын өнерлерімен таңқалдыра білді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<