«Сен деп соққан жүрегім»

1303

0

Туған жеріне келіп, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыка драма театрында Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі, әнші-композитор Жеңіс Сейдоллаұлының ән кешін өткізілді.

Кеште республикаға танымал әншілер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Ысқақова, Жанна Орынбасарова, Нұрлан Абдуллин, Мадина Сәдуақасова және Медеу Арынбаев өнер көрсетсе, танымал музыкант Ренат Гайсин мен Диная көрермен ықыласына бөленді.

Кеш иесі Жеңіс Сейдоллаұлының ізін жалғаған қыздары Ажар мен Жанель және аймақ мәртебесін асқақтатып жүрген Руслан Садықов пен «Адажио» тобы композитордың шығармаларын орындады. Әнші-композитор Жеңіс Сейдоллаұлының өміршең әндері шырқалған кеште әнсүйер қауым толассыз қошемет көрсетті. Көрермен залында инешаншар орын болмады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<