Үміт Медеуованың бенефис-концерті өтті

1101

0

Қызылорда облыстық филармониясында «Жылы жүздесу» айдарымен «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Үміт Медеуованың бенефис-концерті өтті.

40 жылға жуық Сыр сахнасында өнер көрсетіп жүрген Үміт Еменқызының репертуарындағы әндерін «Жылы жүздесудің» қағидасына сай филармония әртістері мен шәкірттері орындап көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

«Кезекті концертім өз ойлағанымнан да жоғарғы денгейде өтті. Жиналған халқыма алғысым шексіз. «Бенефис концерттің ерекшелігі менің 40 жылға жуык өнер жолында жинаған ән қоржынымдағы әндерді облыстық филармония әншілерінің орындауында шырқалды. «Жылы жүздесуде» халықпен емін еркін отырып қойған сұрақтарына жауап беріп, ой бөлістік экраннан түсірген бине баяндарымды көрсетті. Бұрыңғы өткізген концерттерімнен үзінділер көрсетті, жалпы алған әсерім ерекше. Еткен еңбектің,, төккен тердің қайырымы болды. Құшақ гүлге толды. Мені қолдаған қазағымның әрбір отбасына бақ береке тілеймін», – дейді әнші Үміт Медеуова.

Концертте «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, жетекшісі Нұрғиса Нұрбай, «Томирис» би ансамблі, «Тұран» триосы, аспапты трио және облыстық филармония әртістері: «Мәдениет саласының» үздігі төсбелгісінің иегерлері: И.Елубаева, Р.Ысқақова, Г.Алиханова, С.Тасбергенова, М.Аманжолов, Б.Молдабергенов, Р.Үсенов, Б.Найманов, З.Баймұрзаева, А.Әбді, А.Махамбетжанова, А.Қойшығара және «Әдемі» балалар музыкалық театр студиясының әртістері: Қ.Боранбаев, Қ.Әбжалиев, Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары колледжінің ерлер хор ансамблі, шәкірттері: Е.Омаров, Т.Бауыржанқызы және баласы Әлфараби Аманжолұлы өнер көрсетті.

Идея авторы және режиссёры «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Азиза Издикулова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<