Министрлік су деңгейінің төмендеу себептерін атады

650

0

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Қызылорда облысындағы экологиялық жағдай «Арал-Сырдария» бассейнінің деңгейіне тікелей байланысты екені, онда су аздығы циклы 2019 жылдан бері жалғасып келе жатқаны түсіндірілді.

«Сырдария өзенінің су деңгейі Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аумағындағы су шаруашылығы қызметіне байланысты және көбінесе Қырғызстандағы «Тоқтоғұл» су қоймасында судың жиналу мөлшерімен белгіленеді. Осы жылы «Тоқтоғұл» су қоймасында текше метр су 2019 жылға қарағанда 5 миллиард текше метрге су аз жиналды. Вегетациялық кезеңнің басында шамамен 15 миллиард текше метр су жиналған кезде норма қарастырылады. Бірақ 1 сәуірдегі жағдай бойынша су қоймасында тек 8,7 миллиард болды. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  2,9 миллиард текше метрге аз», – деп хабарлады министрлік.

«Тоқтоғұл» су қоймасы «Нарын-Сырдария» су қоймалары каскадының құрамына кіреді. Министрлік сарапшылары түсіндіргендей, қазір каскад энергетикалық режимге көшті, Түркістан облысындағы орналасқан «Шардара» қоймасына су келуі вегетациялық кезеңде азаяды және вегетацияаралық кезеңде ұлғаяды.

Бұл ретте «Шардара» су қоймасын іске қосу және толтыру режимі Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан су қоймаларының жұмыс режиміне және көрші елдердегі су шаруашылығы жағдайына байланысты.

Бүгінгі таңда «Шардара» су қоймасы толтыру режимінде жұмыс істейді. Қоймадан су жіберу секундына 50 текше метрмен жүзеге асырылады.

Ведомствоның хабарлауынша, Тәжікстан мен Өзбекстанда вегетациялық кезең қазан айының соңына дейін жалғасады. Сондықтан «Шардара» су қоймасына судың түсуі және Сырдария өзенінің төменгі ағысына су жіберу көлемін ұлғайту мәселесі қараша айында Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының кезекті 81- отырысында қаралатын болады. Онда сондай-ақ Сырдария өзенінің бассейні бойынша 2021 жылғы вегетациялық кезеңнің қорытындылары шығарылады және 2021-2022 жылдардағы вегетацияаралық кезеңде мемлекеттердің су тарту лимиттері мен «Нарын-Сырдария» су қоймалары каскадының болжамды жұмыс режимі келісіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<