Асыл ана

1013

0

Сен құдірет болмасаң, асыл ана,

Жұмақ кілтін өзіңе жасыра ма?

Арнадым осы өлеңді ақ тілекпен,

Жарқыраған бейнеңе қосып ода.

Алыптардың бәрінен алып ана,

Мейірімің Ай мен Күннен табыла ма?

Меккеге апарсам да, мендік бейнет –

Ағарған шашыңның бір талы ғана.

Ұзақ түн ұйқы көрмей, төзім білмей,

Балаңды тербетіпсің көзіңді ілмей.

Мен үшін мынау мұңсыз дүниенің,

Қабағы ашылмайды өзің күлмей.

Ең ұлы махаббатпен өбем сені,

Көк аспан, сеңгір таудан сен еңселі.

Құбылаға шұғыла шашылғандай,

Перзенттік парызымның жоқ өлшемі.

Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<