Мемлекеттік марапат иелері

247

0

Ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Ақордада өткен салтанатты жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін Қызылорда облысының әкімі НӘЛІБАЕВ Нұрлыбек Машбекұлы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.

***

Сондай-ақ Ақордада өткен салтанатты іс-шарада «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының «Қызылордасушар» мекемесінің басшысы НҰРЫМБЕТОВ Жорабек Ибрагимұлы «ҚҰРМЕТ» орденімен наградталды.

***

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 16 қазандағы №675 Жарлығына сәйкес:

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі «БАРЫС» ОРДЕНІ

ШӘРІПОВ Жарылқасын Шәріпұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.

«ПАРАСАТ» ОРДЕНІ

МАХАНОВ Тұрғанбай Маханұлы – медицина саласының үздігі.Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

МҰСАБАЕВ Нәжмадин Түрікбенұлы – еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері.

ҚЫДЫРБАЙ Бейсен Қасиетұлы – еңбек ардагері.

НӘЛІБАЕВ Мақсұт Ыбырайханұлы – Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты. «Құрмет», ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерінің иегері.

ЖҮНІСОВ Ерұлан Бақтыбайұлы – «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қызылорда облыстық филиалының директоры.

БАЙДІЛДА Оразәлі Әбдіманапұлы – «Арғымақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

ҚОЖАНИЯЗОВ Серік Салауатұлы – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы вице-президенті.

«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІ

АХМЕТОВ Тұрсынбай – еңбек ардагері, «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы».

БАҚТИЯРОВА Алмагүл Сайранқызы – еңбек ардагері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

ЖАРҚЫНБАЕВ Ғайнолла Зейноллаұлы – еңбек ардагері. Әр жылдары мемлекеттік және жеке секторларда басшылық лауазымдарда абыройлы еңбек атқарды.

ПАЛЫМБЕТ Найла Əбілқасымқызы – білім саласының ардагері.

СӘДУАҚАСОВ Жұмабек Әбдікәрімұлы – «Металл Строй Орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

ЖАНАЛИНОВ Данияр Еренғалиұлы – Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары.

ЖАХАНОВ Бахыт Дүйсенұлы – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

ДҮЙСЕБАЕВ Талғат Тұрсынұлы – Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

ТАЗАБЕКОВ Ержан Кәкімұлы – «КАЗПЕТРОЛ ГРУП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры.

ІСКЕНДІР Ержан – кәсіпкер, меценат. Облыстық әкелер одағының төрағасы, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.

ЖҰМАШЕВ Мейрамбек Тоғысұлы – «Тоғыс-Аралотын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.

СЫЗДЫҚОВ Жеңісбек Шәкімбайұлы – «Шаған-жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

ИБРАШЕВ Батырбек Қуанниязұлы – «Ка-Строй ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары.

ФОТИАДИ Юрий Кузьмич – медицина саласының үздігі.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ»

БОТАБАЕВ Кеулімжай Шалтақбайұлы – Қызылорда облыстық филармониясының Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің дирижері. «Құрмет» ордені иегері. Мәдениет қайраткері.

«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІ

ҰЛЫҚБАНҰЛЫ Нұрлыбай – Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы саласының ардагерлер кеңесінің төрағасы.

РШЫМБЕТОВ Құбыл – медицина саласының ардагері.

СЕЙІЛОВА Ұлтай Әуелбекқызы – білім саласының ардагері.

ЕЛТАЙ Нұрмахан Назымханұлы – жазушы, журналист.Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.

ҚҰЛМАХАН Қожатай Қожақұлы – Жалағаш кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы.

ЛЕКЕРОВ Бақытжан Зинадинұлы – еңбек ардагері.

НҰРМАХАНОВ Оңталап – ақын, режиссер-сценаристі.

ШАЛҒЫНБАЕВА Айткүл Жетібайқызы– сарапшы-журналист, Қазақстанның құрметті журналисі.

БЕЛГІБАЕВ Бейбіт Төлегенұлы – «Бесарық» шаруа қожалығының төрағасы.

СӘРСЕНБАЕВ Қайрат Әнуарұлы – «Ремпроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары.

МАМПАЕВ Әжібек Алғашбекұлы – Қызылорда қалалық мәслихат депутаты.

САПАРБАЕВ Қайрат Әбдірахманұлы – Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

ҚҰЛМАНОВ Жандос Темірғалиұлы – «Ақбасты» балықшылар өндірістік кооперативінің төрағасы.

ЖЕТПІСБАЕВ Мұрат Ақынұлы – Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі.

МАҚАШ Талғат Бақытбекұлы – Қызылорда облыстық филармониясының басшысы.

ӨТЕПБЕРГЕНОВ Әбсұлтан Бексұлтанұлы – Жаңақорған аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі.

БОТАБАЕВА Айгүл Қанатқызы – «Мемсараптама» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Оңтүстік өңірі бойынша филиалының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы.

ЖАҢАБАЕВ Ғабит Жұмабекұлы – Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

ШӘМЕНОВ Бауыржан Серікұлы – Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.

УСАИН Медет – Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

ЕРАЛИЕВ Мағжан Абзалұлы – «Мағжан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Қызылорда облыстық мәслихат депутаты.

ӘШІРБЕКОВ Тоқтамыс Нарманұлы – «Абдулла» шаруа қожалығының төрағасы.

«ШАПАҒАТ» МЕДАЛІ

КӨЗЕЙБАЕВ Сапар Әлиасқарұлы – Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталады:

ЧУМАШ Виктор Иванович – Арал ауданы №13 мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<