Қыркүйек айында Ыстанбұлда Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған естелік монета таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30 лиралық монетаның дизайны Қазақстанның Бас консулдығымен бірлесіп жасалған.
Монетаның бет жағында Мемлекеттік Ту мен түрік тілінде «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» деген жазу бейнеленген. Артқы жағының ортасында Қазақстан картасы орналасқан, оған ежелгі уақытта оның аумағында орналасқан мемлекеттердің атаулары нақышталып жазылған. Атап айтқанда, олар: сақтар, ғұндар, Түрік қағанаты, Алтын Орда мен Қазақ хандығы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<