Құрылыс: Озық өңірдің олжасы

309

0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кеше «Өнер орталығында» Құрылысшы күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, облыстық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері, сала ардагерлері қатысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, құрылыс саласында атқарылған жұмыстарды атап өтті.

Құрылыс: Озық өңірдің олжасы

– Президентіміз «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деген болатын. Бұл – экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам.

«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай жақында ғана Мемлекет басшысының Жарлығымен өңіріміздің бірқатар металлургтері, теміржолшылар мен құрылысшылар мемлекеттік наградаларға ие болды. Бұл – еңбек адамдарына көрсетілген зор құрмет пен жоғары баға.

«Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірі Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен қарқынды дамуда. Облысымыздың бюджеті 823 млрд теңгеден асып, 2022 жылдан бері өсім 226 пайыз болды. Бұл қаражат аймағымыздағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталуда.

Биыл 96 жобаның құрылысына бюджеттен 166 млрд 800 млн теңге қаржы бөлініп, 2022 жылмен салыстырғанда 8 есеге артты. Нәтижесінде құрылыс жұмыстарының көрсеткіші бойынша республикада үздіктер қатарында келеміз.

Құрылыс саласында қызмет ету – бұл жай ғана мамандық емес, елге қызмет ету. Құрылысы қарқынды елдің экономикасы да қуатты.

Туған жеріміз, Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына, сәулеттік келбетінің жаңаруына, заманауи ғимараттардың бой көтеруіне қосқан елеулі еңбектеріңіз үшін Сіздерге барша Сыр жұртшылығының, жеке өзімнің атымнан шынайы алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі.

Құрылыс: Озық өңірдің олжасы

Мерекелік шарада құрылыс саласының үздіктері «Достық», «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек даңқы» орден-медальдарымен марапатталды.

Сонымен қатар ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісіне, «Құрмет грамотасына» және Қызылорда облысының Құрмет грамотасына ие болды.

Мерекелік іс-шарада әнші Қайрат Баекенов, әнші-композитор Жарасхан Төлеубай ән шырқады.

Құрылыс: Озық өңірдің олжасы
Құрылыс: Озық өңірдің олжасы
Құрылыс: Озық өңірдің олжасы
Құрылыс: Озық өңірдің олжасы
Құрылыс: Озық өңірдің олжасы

«СБ» ақпарат