Төсбелгі табысталды

789

0

Сыр елі шығармашылық өкілдерінің ортасында шоқтығы биік ақын, қаламы қарымды журналист, облыстық «Сыр бойы» газетінің бөлім басшысы Дүйсенбек Аяшұлы ҚР Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Аймағымыздың талай жылғы тарихында қарымды қолтаңбасы бар қалам иесіне марапатын тапсыру үшін сатирик, ҚР ІІМ-нің Еңбек және Құрметті ардагері Қазыбек Әшірбекұлы мен ауған соғысының және ішкі істер саласының ардагері Нұрсұлтан Ибадуллаев «Сыр бойы» газетінің редакциясына арнайы келді.

ҚР Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісін салтанатты түрде табыс еткен сала ардагерлері Дүйсенбек Аяшұлының табиғи талантына, азаматтық тұлғасына айрықша баға беріп, туындыларында ешкімге ұқсамайтын ерек қолтаңбасы барын атап өтті. Сондай-ақ, ойлы шығармалары оқырман жүрегіне жол табарына сенім білдірді.

Айта кетейік, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі Дүйсенбек Аяшұлы биыл 60 жасқа толып отыр.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<