Астаналықтар бір жылда 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды

583

0

Фото: ашық дереккөз

2022 жылы астаналықтар 17 млрд теңгеден аса соманың тегін дәрі-дәрмектерімен қамтылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Астана қаласында 207 663 пациент 939 274 тегін рецепт бойынша 17, 02 млрдтеңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді.

«Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 3 458 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 8 547 бала; Теміржетіспеушілігі анемиясымен – 1 343 бала; Рахит ауруымен 1004 бала; Пневмониямен 2 197 бала; Синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 645 бала, т.б.

Біздің сарапшылар медициналық қызметтің қолжетімді болуы және оның сапасының жақсаруы үшін, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Сондай-ақ Астана қаласы бойынша COVID-19 короновирус инфекциясымен күрес аясында амбулаториялық деңгейде (нозология: Короновирустық инфекция; МӘМС – ауруханадан тыс пневмония (ересектер), балаларда – пневмония, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті қабыну инфекциялары бойынша, ақпараттық жүйедегі деректерге сай, 2022 жылдың 1 қаңтар – 31 желтоқсаны аралығында 79,4 млн теңге сомасына 32 147 рецепт бойынша 22 856 пациент антибактериалдық, ыстық түсіретін препараттармен және антикоагулянттармен қамтамасыз етілді. Оның ішінде: COVID-19 коронавирус инфекциясы U07.1; COVID-19 коронавирус, вирус анықталмаған (U07.2) және COVID-19 коронавирус инфекциясы U07.1, U07.2 диагноздары бойынша 52 млн теңгеден аса сомаға 8 858 рецепт бойынша 6 524 пациент дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.

Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық (антибиотиктер, ыстық түсіретін препараттар, темірқұрамды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефикалық препараттар және т.б.) қажетті дәрілер бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<