Жапырақ ғұмыр!

1620

0

Кездейсоқ өтті ме, бес күн?
Есімде құрақ ұшқаның.
Күзде де сезінбес ешкім,
Білсең ғой,қуаныш барын...
Адамдар арманын айтсын!
Бұл өмір махаббат жолы.
Жапырақ сарғаймай қайтсін,
Күрең күз сағыныш толы.
Күзге ұқсап бұлттана берме,
Шығарма,тылсым деміңді.
Шындыққа тік қарап көр де,
Күліп жең, күрсінгеніңді.
Түнгі ойлар қайда құбылсын,
Күзгі мұң, сағыныш шерім.
Қайтқан құс қайдан ұғынсын,
Жазбаған хатыңды сенің...

А.Сейілханұлы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<