Аймақ басшысы Қазалы жұртшылығын наурыз мерекесімен құттықтады

357

0

Фото: Облыс әкімдігі

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барып, Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты.

Әйтеке би кентінің Орталық алаңында өткен шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

Аймақ басшысы Қазалы жұртшылығын наурыз мерекесімен құттықтады

Аймақ басшысы жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, өңірдің элеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге тоқталды.

«Баршаңызды жер-жаһанға шуақ нұрын шашып келген, жақсылықтың жаршысы, игі істердің бастауы Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Аймақ басшысы Қазалы жұртшылығын наурыз мерекесімен құттықтады

Наурыз мерекесі Сыр жеріне толайым жаңалықтарымен келді! Биыл елімізде, өңірімізде мерейтойлар жылы десе де болады.

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Байқоңыр ғарыш айлағының ашылғанына 70 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде аталып өтеді.

Аймақ басшысы Қазалы жұртшылығын наурыз мерекесімен құттықтады

Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды.

Аймақ басшысы Қазалы жұртшылығын наурыз мерекесімен құттықтады

Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты.

Аймақ басшысы Қазалы жұртшылығын наурыз мерекесімен құттықтады

Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асуда. Өткен жылы облысымыздың бюджетін 750 млрд теңгеден асырдық. Осыдан екі жарым жыл бұрын аймақ бюджеті 364 млрд теңге болса, атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижесінде өсімді 206 пайызға жеткіздік. Бұл ауқымды қаражат өңірдегі ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды.

Аймақ басшысы Қазалы жұртшылығын наурыз мерекесімен құттықтады

Былтыр Қазалы ауданы үшін де табысты жыл болды. Аудан бюджеті артып, тұрғындарды ауыз сумен, электр энергиясымен, «көгілдір отынмен», тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол жөндеу және абаттандыру мәселелері рет-ретімен шешілуде. Баршаңызды тіршілік жаңарып, табиғат түлеген мерекемен құттықтаймын! Ұлыс оң, ақ мол болсын!», – деді Н.Нәлібаев.

Аймақ басшысы Қазалы жұртшылығын наурыз мерекесімен құттықтады

Наурыз мейрамына арналған көпшілік іс-шарада аудан дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов жұртшылықты құттықтады.

Аймақ басшысы Қазалы жұртшылығын наурыз мерекесімен құттықтады
Аймақ басшысы Қазалы жұртшылығын наурыз мерекесімен құттықтады

Ұлыстың Ұлы күнінде сәлем салу, тұсаукесер, ашамайға мінгізу және беташар дәстүрлері дәріптеліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдар әзірленіп, тал егілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<