Алматыдағы Республика сарайында «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты гала-концерт өтті

5071

0

Фото: облыс әкімдігі

Кеше Алматыдағы Республика сарайында Қызылорда облысының Алматы қаласындағы өнер күндері аясында Сыр өңірі өнер шеберлерінің «Сұлу Сырдан – ару Алматыға» атты гала-концерті өтті.

Алматыдағы Республика сарайында «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты гала-концерт өтті

Оны Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам, өнер қайраткерлері, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері, Алатау бөктеріндегі ару қаланың өнерсүйер жұртшылығы тамашалады.

Алматыдағы Республика сарайында «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты гала-концерт өтті
Алматыдағы Республика сарайында «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты гала-концерт өтті

Бұл – қызылордалық өнерпаздардың Республика сарайындағы тұңғыш концерті.

Алматыдағы Республика сарайында «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты гала-концерт өтті
Алматыдағы Республика сарайында «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты гала-концерт өтті


Ән-жырдың ту тіккен ордасынан жеткен өнер майталмандары еліміздің басты сахналарының бірінде өтетін концертке тыңғылықты дайындықпен барды. Алматылық талғампаз көрерменнің назарына ұсынылатын әр нөмірге жете мән берілді. Сахна шымылдығы ашылғанда орындалған «Отан-ана», » Сыр елім», «Сырдың Қараторғайы» әндері тыңдаушысын баурап алды.

Алматыдағы Республика сарайында «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты гала-концерт өтті
Алматыдағы Республика сарайында «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты гала-концерт өтті

Жерлесіміз, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ғани Құлжановтың, театр әртісі Нұрдәулет Баймаханның туған жер тақырыбындағы монологі әрбір адамның кіндік қаны тамған топыраққа деген сағынышын оятқаны сөзсіз. Бейнебаян арқылы Сыр бойының тарихы мен бүгіні, Қызылорданың жаңарған келбеті айшықталды. Қасиетті жерден түлеп ұшып, қазақ өнеріне қызмет еткен Т.Жүргенов, Р.Бағланова, Ә.Нұрпейісов, Қ.Қожықов, Н.Бекежанов, С.Майқанова, К.Дүйсекеев, М.Ерәлиева, Б.Шөкеновтің жарқын бейнелері жұрт жадында жаңғырып өтті.

Алматыдағы Республика сарайында «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты гала-концерт өтті
Алматыдағы Республика сарайында «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты гала-концерт өтті
Алматыдағы Республика сарайында «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты гала-концерт өтті

Сыр бойының бойтұмарындай болған жыраулық, жыршылық дәстүрдің ұрпақтан ұрпаққа жеткен асыл мұралары кез келген өнер мерекесінің сән-салтанатын аша түседі. Бүгінгі концертте де дәстүрлі өнер шеберлерінің шеруін күткендер Тұрмағамбеттің «Тәлімін», Нұртуғанның «Жырауларға өсиетін», Нартайдың жыр бастауын, З.Дәулетбаевтың «Сыр сүлейлерін», Сәрсенбай жыраудың термесін Руслан Ахметов, Шолпан Бимбетова, Ақмарал Ноғайбаева, Майра Сәрсенбаева, Серік Жақсығұловтың орындауында тыңдап, бір серпілді. Айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов арнау айтты.
Оркестрдің сүйемелдеуімен белгілі күйші М.Сыдықовтың «Батыр баба» күйі, халық әндері орындалды. «Мәңгілік мұра» этномузыкалық композициясы, әлемдік классикалық музыкадан топтама, Алматы туралы әсем әндер шырқалды. Баян, рояльмен орындалған туындылар, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлерінің сүйемелдеуі, «Томирис» би ансамблінің сахнаны көркемдеуі өнер мерекесінің өрнегін әсемдей түсті.
Гала-концерт жерлесіміз, ақын, композитор Е.Әбдіхалықованың «Қазақ елі» әнімен қорытындыланды.

Алматыдағы Республика сарайында «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты гала-концерт өтті

Алматы аспанын әдемі әндерімен, саф өнерімен тербеген Сыр өнерпаздарына көрермен қауым қошеметін аямады.

Алматыдағы Республика сарайында «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты гала-концерт өтті

Ертең Құрманғазы оркестрінің концерттік залында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Жыр – қазына, күй – күмбез» атты концерті өтеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<