«Алтын күз – 2024»: Мерейтойға орай сала үздіктері марапатталды

684

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Шиелі ауданының орталық стадионында ертеректегі «Қызыл Ту», қазіргі Ыбырай Жақаев ауылының 95 жылдық мерейтойы мен Жақаевшылар қозғалысының 60 жылдық мерейтойына және ата басылым «Өскен өңір» газетінің 85 жылдық мерейтойына орай «Алтын күз – 2024» мерекелік марапаттау шарасы өтті.

«Алтын күз – 2024»: Мерейтойға орай сала үздіктері марапатталды

Мерекелік шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері Сауытбек Абдрахманов, Ақайдар Ысымұлы, Алтыншаш Жағанова, Мұрат Бақтиярұлы, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Серік Дүйсенбаев сынды зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Алтын күз – 2024»: Мерейтойға орай сала үздіктері марапатталды

Шараның алғы сөзін алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов Шиелі жұртшылығын тоқшылық мерекесімен және қатар тойланып жатқан мерейтойлармен құттықтады. Әрі, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың ыстық ықыласы жазылған құттықтауды табыс етті.

«Алтын күз – 2024»: Мерейтойға орай сала үздіктері марапатталды

Келесі кезекте, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ауданның ауыл шаруашылығы саласында жеткен үлкен жетістіктерге тоқталып, дала еңбеккерлерінің еңбегіне тоқталды.

«Алтын күз – 2024»: Мерейтойға орай сала үздіктері марапатталды

Мұнан соң, шара марапаттау рәсіміне жалғасып, сала үздіктері түрлі номинациялармен марапатталды. Сондай-ақ, үздік еңбек адамдарына автокөлік, пәтер кілттері табысталды.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алтын күз – 2024»: Мерейтойға орай сала үздіктері марапатталды
«Алтын күз – 2024»: Мерейтойға орай сала үздіктері марапатталды
«Алтын күз – 2024»: Мерейтойға орай сала үздіктері марапатталды
«Алтын күз – 2024»: Мерейтойға орай сала үздіктері марапатталды
«Алтын күз – 2024»: Мерейтойға орай сала үздіктері марапатталды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<