Бүгін Мемлекеттік рәміздер алаңында Мемлекеттік Рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті.
Шара барысында Тәуелсіз Қазақстанның және аймақтың дамуына үлес қосқан сырбойылықтар марапатталды. Шара концерттік бағдарламамен, автошерумен жалғасты.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2024/06/bala1-1024x793.jpg)
Айта кетейік, мерекеге орай облыстағы ірі сауда орталықтарында, халық көп жиналатын орындарда, теле-радио арналарда, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда және бюджеттік мекемелерде Мемлекеттік Гимн бір мезгілде орындалды.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2024/06/bala3-1024x683.jpg)
Қала және аудандарда ғимарат терезелеріне, балкондарда Мемлекеттік Ту ілінетін «Туымыз – төрімізде» флэшмобы ұйымдастырылуда.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2024/06/bala4-1024x683.jpg)
Әлеуметтік желілерде «Менің туым – менің мақтанышым!» челленджі іске қосылды.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2024/06/bala5-1024x683.jpg)
Өңірде Елтаңба авторларының бірі, жерлесіміз, танымал сәулетші Жандарбек Мәлібековтің, Мемлекеттік Тудың авторы, суретші Шәкен Ниязбековтің еңбектерін насихаттауға арналған іс-шаралар кең көлемде өткізілуде.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2024/06/bala6-1024x683.jpg)
Жазғы балалар лагерлерінде «Отанды сүю-жүректен» атты патриоттық шаралар ұйымдастырылды.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2024/06/bala7-1024x683.jpg)
Сонымен бірге, барлық елді мекендердегі «ҚР Рәміздері аллеялары» мен «ҚР Рәміздері алаңдарында» тұрғындардың, жастар мен волонтерлердің қатысуымен шаралар өтті.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2024/06/bala8-1024x683.jpg)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2024/06/bala9-1024x683.jpg)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2024/06/bala-683x1024.jpg)
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<