Шиелі ауданында күрішке орақ түсті

1138

0

Сыр өңірінде егін жинау науқаны басталып, күрішке орақ түсті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданы Тұран ауылдық округіндегі «Төңкеріс және К» шаруа қожалығына барып, жиын-терім жұмыстарының басталу рәсіміне қатысты.

Шиелі ауданында күрішке орақ түсті

Аймақ басшысы диқандарға қамба қызылға толып, ырыс-несібе молынан болуына тілектестік білдірді.

«Биыл облыс бойынша 193,4 мың гектарға егiс егілді. Оның ішінде дәндi дақылдар 99,9 мың гектар, майлы дақылдар 4,5 мың гектар, мал азықтық дақылдар 69,2 мың гектар, қант қызылшасы 5 гектар, картоп, көкөнiс, бақша дақылдары 19,8 мың гектар. Негізгі дақыл – күрiш 89 мың гектарға себілген. Жалпы егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,8 мың гектарға артық. Ендігі міндет – өнімді ысырапсыз жинап, қамбаға құю», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Шиелі ауданында күрішке орақ түсті

Айта кетейік, «Төңкеріс және К» шаруа қожалығы биыл 1050 гектар күріш еккен. Қожалықта 120 жұмысшы еңбек етеді. Қазір 50-55 центнерден өнім алынуда.

Шиелі ауданында күрішке орақ түсті

Бүгінгі таңда ерте егілген дәнді дақылдар толығымен жиналды. Оның ішінде, 4,3 мың гектар күздік бидайдан 7 мың тонна өнім алынды. Ал 4,4 мың гектар жаздық бидайдан 3,2 мың тонна, 365 гектар жаздық арпадан 209 тонна, сұлыдан 7 тонна өнім жиналды.

Шиелі ауданында күрішке орақ түсті
Шиелі ауданында күрішке орақ түсті
Шиелі ауданында күрішке орақ түсті
Шиелі ауданында күрішке орақ түсті
Шиелі ауданында күрішке орақ түсті

Биыл ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің қолындағы 4239 техника (1816 трактор, 842 комбайн, 453 жатка, 333 автомашина және 795 трактор тіркемесі) күзгі дала жұмыстарына қатысады. Ауыл шаруашылығы құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 1,4 млрд теңгеге 49 техника сатып алды. Егін жинауға 9,1 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<