Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

1731

0

Бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сауда орындарын аралап, тұрғындармен пікірлесті.

Жәрмеңке Қызылорда қаласының халық көп шоғырланған 3 аумағында ұйымдастырылды. Атап айтқанда, сауда-саттық қатарлары «Шанхай» мөлтек ауданында Жанқожа батыр мен Құлтекенов көшелерінің қиылысында, «Мерей» мөлтек ауданында Журба көшесі мен Саламатов көшелерінің қиылысында және Астана даңғылының бойында Жеңіс көшесіне дейін орналасты.

Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Қала тауарөндірушілері мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның кәсіпкерлері 90 жүк көлігіне тиелген 150 тоннаға жуық тауарды тұтынушыларға ұсынды. Оның ішінде 15 тонна күріш, 30 тоннадан астам ет пен балық өнімдері, 20 тонна картоп, 13 тонна сәбіз, 20 тонна пияз, 30 тоннаға жуық көкөніс пен жеміс, 1 тонна күнбағыс майы, 7200 дана жұмыртқа, 6 тонна кондитер өнімдері, 4 тонна сүт өнімдері, 3 тонна ас тұзы және тұрмыстық заттар бар.

Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Мерекелік жәрмеңкеде жұртшылық наурыз көжеден дәм татты. Сонымен қатар, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында тұрғындардың көңіл-күйін көтеру үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Бұдан бөлек, жәрмеңкеде аймақта өндірілетін отандық өнімдерді қолдау үшін арнайы көрме ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Сыр маржаны – ақ күріш, сүт өнімдері, жемістер мен көкөністер, кондитерлік өнімдер ұсынылды.

Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Мұндай жәрмеңкелер облыс орталығынан бөлек, барлық аудандарда да өтуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қызылорда облысында 40 жәрмеңке өткізіліп, азық-түлік өнімдері тұрғындарға нарықтағыдан төмен бағамен сатылды.

Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Еске салсақ, биыл Ұлыстың ұлы күнін атап өту аясында Сыр өңірінде 300-ге жуық мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Бейсенбі күні аймақ басшысы әуежайдың жаңа терминалының іргетасын қалау рәсіміне қатысып, апатты тұрғын үй иелеріне жаңа пәтер кілттерін табыстады. Ал күні кеше орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Наурыз шапағаты» қайырымдылық науқаны аясында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жинақтары таратылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<