Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Тәуелсіздік күніне орай Жаңақорған ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Рәсімге облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы аудан тұрғындарын еліміздің ұлық мерекесімен, жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктерге тоқталды.
«Баршаңызды бірлігіміздің бастауы болған мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Мерейлі мерекеде Жаңақорған кентіндегі жаңа «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебінің» салтанатты ашылуына жиналдық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті» деген болатын.
Білім саласының бюджеті 264 млрд теңгеге жетіп, салада ауқымды жобалар атқарылды. Жаңа нысандар ел игілігіне айналды.
«Білімді қолдау қоры» есебінен Қызылорда қаласында физика-математика мектеп-интернаты, «Шығармашылық- инновациялық орталығы»,
«Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда.
Қазан айында елімізде алғашқылардың бірі болып ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 900 орындық білім ошағын табыстадық. Бүгінде 9 мектеп салынуда, жыл соңына дейін 4-уі іске қосылады.
Білім, ғылым, мәдениет және өнер саласының дамуы – өркениеттің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші.
Өңір мектептерінде оқитын 184 мың оқушының 168 мыңнан астамы спорттық секциялар мен үйірмелерге қатысады. Бүгін балаларымыздың игілігіне берілген аудандық «Оқушылар үйінде» 19 үйірме бар. Бұл жаңа ғимарат балаларымызға бос уақытын пайдалы өткізуге, түрлі жаңалықтар ашуға мүмкіндік беретін екінші үйіндей болады деп сенеміз. Ел іргесі берік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», – деді Н.Нәлібаев.
Басқосуда қаржы саласының ардагері Қалхазбек Әжібеков бата беріп, еңбек ардагерлері мен құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Өткен жылы облыс орталығындағы 4 мектептің жанынан 1 850 орынға арналған қосымша ғимарат салынды. Қаржы үнемделіп, үш ауысымды оқытуға көшуі мүмкін мектептер мәселесі шешілді.
Былтыр 1 170 орындық 4, осы жылдың басында 550 орындық 2 мектеп қолданысқа берілді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Шиелі ауданында 100 орындық, Жаңақорған ауданында 150 орындық мектеп шәкірттерді қабылдады,
5 мектептің жанынан қосымша құрылыс салынды, 8 мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтті.
Қызылорда қаласында «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 350 орындық «Оқушылар сарайы» ашылды. Бұл – саладағы қолға алынған бастамалардың бір бөлігі ғана.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<