Жергілікті өнімге сұраныс жоғары

1347

0

Бүгінде қалада кәсіпкерлік са­ласы кеңейіп келеді. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттен көрсетілетін қол­дау көп. Жеңілде­тілген несие алып, кәсібін жан­дандырғандар да жетерлік.

Қызылордадағы «Да­латекс» ЖШС қазақ­стан­дық нарыққа отан­дық өнімді шығарып отыр­ған компания. Отандық киім тігуді қолға алған компания қазіргі уақытта өз өнімін шет елдерге экспорттауда. Сыр өңірінің даңқын асқақтатып жүрген тігін фабрикасының өнімдеріне деген сұраныс күннен-күнге артуда. Осы уақытқа дейін ерлер жейдесін шығарып, танымал болған «Далатекс» компаниясы жаңа өнімдерді тігуді қолға алған. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<