COVID-19: Соңғы тәулікте 7 жағдай тіркелді

598

0

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 255-ке жетті. Бүгінгі күнге дейін сауығып шыққандар саны -210. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Жаңадан 7 дерек тіркелді. Оның екеуі – скринингтеу барысында анықталса, төртеуі – індет жұқтырғандармен байланыста болған. Ал біреуі – Шарждан келген , Алматы қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты, емдерін алуда», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған– 3415 азамат анықталды. Оның ішінде, 1938-і жақын қарым-қатынаста, 1477-сі жанама байланыста болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<