108 жастағы қарияны құттықтады

438

0

108 жастағы қарияны құттықтады Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев ауданға қарасты Сазда елді мекенінің тұрғыны, 108 жасқа қараған Таңымбетова Жонай  әженің шаңы­ра­ғы­на арнайы барып, әз ананың хал-жағдайын сұрап, жүз жастан асқан кейуананы мерекесімен құттықтап қайтты. “Ұлық болсаң кішік бол”, деген осы. Ғасыр жасаған кейуана да алдына келіп, аман­ды­ғын білген азаматтарға алғысын айтып, ақ батасын берді.
Ғасыр иесі Жонай әже бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты өмір кешіп жатқан жан.  Туған жерінде еңбек етіп, ауылдың өркендеуіне өз үлесін қосқан аяулы ана, ардақты әже атанған Жонай Таңымбетова бүгінде  сегіз баласынан өрген 57 немереден 40 шөбере, 7 шөпшек сүйіп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<