109. Жеделдік көзі

487

0

109. Жеделдік көзі Телефон шырылдайды. Дұрысы, дыңылдайды. Әйтеуір, дыбысы үй телефонынан бөлек енді. Әне, бірінші қоңырау. Тағы да. Жо-жоқ, екіншісіне үлгертпеді. Кезекші оператор лезде түймешені баса қойды.
– Алло, сәлеметсіз бе, «Жедел әрекет ету орталығы» сізді тыңдап тұр. Менің аты-жөнім Кенже Сыздықова.
– Алло, сәлемет па, айналайын?! Арғы жақтан үлкен кісінің жарықшақтанған даусы естілді.
– Иә, мен сізді тыңдап тұрмын. Қандай көмегіміз қажет?
– Әә, иә, шырағым, айтайын дегенім, мына Саяхаттағы 8-ші кварталда жарық жоқ.
– Толық мекен-жайды айтсаңыз.
– Саяхат 8 де 24.
– Жақсы, қоңырау шалғаныңызға рахмет. Тиісті орындарға хабарлаймыз…
Осындай үздіксіз, әсіресе жергілікті тұрғындардан келетін қоңыраулар легіне Кенже 12 сағат бойы салиқалы түрде жауап береді.  Жалғыз Кенже емес, ауысым сайын осында отырған 7 оператор жұмысын мүлтіксіз атқаруда…
Бұл – жыл басында ашылған облыстық цифлық технологиялар басқармасына қарасты «Жедел әрекет ету орталығының» қауырт жұмысынан бір көрініс. 

109. Жеделдік көзі 109. Жеделдік көзі 109. Жеделдік көзі 109. Жеделдік көзі 

Ержан ҚОЖАСОВ,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<