№12 қаулы: Қызылордада карантин жалғасады

1723

0

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 

ҚАУЛЫСЫ

«10»  мамыр 2020 ж. 

№12    

Қызылорда қаласы

Шектеу шаралары, оның ішінде

карантиннің кейбір мәселелері туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-1-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, 150-бабының 3-тармағына сәйкес  

 ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызылорда облысының ау­мағында коронавирустық инфек­цияның таралуының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 3 сәуірінен бастап енгізілген шектеу шаралары, оның ішінде карантинді эпидемиологиялық жағдай тұрақтан­ғанға дейін ұзартуды жалғастыруды.

2. Кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпорындарға санитариялық-де­зин­фекциялық іс-шаралар жөнін­дегі нұсқаулық осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Қызылорда облысының әкім­дігіне:

1) халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мақсатында эконо­миканың жекелеген салалар бо­йынша қызметін шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдетуді жү­зеге асыруды, үшінші кезеңнің басталуы 2020 жылғы 11 мамырдан, төртінші кезеңді 18 мамырдан, бесінші кезеңді 25 мамырдан  бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін жүзеге асыруды жалғастыруды;

2) шектеу шараларынан, оның ішінде карантиннен кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде жұмысты қайта бас­тайтын салалар мен объектілердің тізбесін бекітуді;

3) көктемгі далалық жұмыстарды, табиғатты қорғау, ветеринариялық жұмыстарды жүргізуге, ауыл шар­уашылық, оның ішінде бал ара ша­р­уашылығы іс-шараларына тар­тылған тұлғалардың көліктерін мем­лекеттік тіркеуді растайтын куәліктері (шаруа қожалығы, фермер қожалығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы та­уарын өн­діруші, несиелік серік­тестік және шаруашылық жүр­гізу құқығындағы мемлекеттік ком­муналдық кә­сіп­орын), жеке куә­ліктері, сондай-ақ жұмысшылар үшін қызмет орнынан анықтама (мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған жағдайды қоспағанда, жеке көліктің және азаматтардың (оның ішінде жаяу тәртіппен) облыс, қала, аудан және ауылдық аймақ ішіндегі қозғалысын шектеуді ұзартуды;

4) қала, аудан орталықтарындағы қоғамдық көліктің жұмысына кү­шейтілген санитариялық-дезинфек­циялық режиммен сағат 07.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етуді, бұл ретте жолаушылар саны көліктегі орындық санынан аспауы тиіс;

5) авариялық-құтқару, жедел медициналық жәрдем, инкасса­тор­лардың үздіксіз жұмысын және қол­жетімділігін қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерінің жұмысын жалғастыруды.

Осы орайда көрсетілген санат­тағы көлік құралдары бойынша рұқ­сатты «жасыл дәліз» қағидасы бо­йынша жүзеге асыруды;

6)  карантиндік аймақтар қала бо­йынша, аудан мен елді мекендер арасында орналастырылған блок-бекеттердегі жүріп-тұруды шектеуді жалғастыруды;

7) Қызылорда облыстық поли­ция департаменті, Ұлттық ұлан сарбаздарын тарта отырып (келісім бойынша), карантиндік аумақтарды патрульдеуді жалғастыруды;

8) Қызылорда қаласына/қала­сынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан ішкі тұрақты авиа­рейстерді жаңарту;

8-1) Қызылорда облысының әкі­мімен келісілген үкіметтік, жүк, транзиттік және чартерлік рейстерді қоспағанда, халықаралық жолаушылар авиарейстеріне тыйым салуды эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін ұзарту;

8-2) жүк тасымалдарын қоспа­ғанда, темір жол көлігінде жолау­шылар тасымалына тыйым салуды эпидемиологиялық жағдай тұ­­рақтанғанға дейін ұзарту;

 9) азық-түлік және құрылыс заттары базарларын қоспағанда, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль және киім-кешек базар­ларының жұмысын тоқтата тұруды жалғастыруды;

10) бір отбасы мүшелерін қос­пағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен жиналуды шектеуді жалғастыруды;

11) бетперделік режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып (1,5 метрден кем емес) аулаға шығуға рұқсат етуді (3 адамнан аспайтын топтар немесе бір жанұя мүшелері);

12) шектеу шаралары, оның ішінде карантин кезінде ұжымдық, жанұялық (туылған күн, үйлену тойы, құдалық, ауызашар, басқа да дәстүр мен әдет-ғұрып шаралары, т.б ) барлық жиындарға, көрші, туған-туыстарға қонаққа баруға ты­йым салуды жалғастыруды.

4. Қала, аудан әкімдіктері, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына:

1) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен шектеу шараларынан, оның ішінде карантиннен кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде жұмысты қайта бастайтын салалар мен объектілердің тізбесін қоспағанда, діни мақсаттағы объектілердің, білім беру,  бөлек тұрған сауда үйлері, фитнес-клубтар, тренажер залдары, спорт кешендері, бассейндер, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, компьютерлік және интернет клубтар, букмекерлік және лото мото конторалар, бильярд клубтары, спа-орталықтар, студиялар, сауналар, көрмелер және басқа да осындай қызмет көрсету саласындағы объектілер, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру және алу, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының қызметтерін тоқтатуды жалғастыруды;

2) штаттық режимде жұмыс жасайтын дәріханаларды қоспағанда,

азық-түлік гипермаркеттері, оптомаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер, бірінші кезекте қажетті тауарлар (шаруашылық және гигиеналық тауарлар) саудасы жұмысына күшейтілген сани­тариялық-дезинфекциялық режиммен сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін рұқсат етуді жалғастыруды;

3) елді мекендерден саяжай алаптарына (қала сыртындағы үй)  кіруге/шығуға рұқсат беруді;

4) қала және аудан әкімдігі бел­гілеген орындарда жеке және заңды тұлғаларға  бетперделік режимді жә­не әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып (1,5 метрден кем емес) кү­шейтілген санитариялық-дезин­фек­циялық режиммен тұқымдарды және көшеттерді сатумен айналысуға рұқ­сат беруді;

5) мейрамханалардың, дәмхана­лар­дың, асханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын «клиенттерге дейін жет­кізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен рұқсат етуді жалғастыруды.

5. Меншік нысанына қарамастан қызметті шектеуді жеңілдетуге бекітілген тізімдегі объектілердің басшылары осы қаулымен бекітілген Нұсқаулыққа сәйкес санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралардың сақталуын қамтамасыз етсін.

6. Қала, аудан әкімдіктері, Қы­зылорда облыстық полиция депар­таментіне коронавирустық инфек­цияның эпидемиялық тәуекелі бар адамдардың үй карантині режи­мін сақтауын бақылауды және прови­зорлық, карантиндік және инфек­циялық стационарларда адамдарды күзетуді жалғастыруды.

7. Қала, аудан әкімдіктері, Қы­зылорда облыстық полиция де­партаменті, «Атамекен» өңірлік кә­­сіпкерлер палатасы, аумақтық та­уарлар мен көрсетілетін қызметтер­дің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары кезең-кезеңмен же­ңіл­дету кезінде мониторингтік топ­пен жұмысты қайта бастайтын және жұмыс жасап тұрған объек­тілерде шектеу шаралары мен са­ни­тариялық-дезинфекциялық ре­жим талаптарының бұзылуы анық­талған жағдайларда орын алған талап бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының заң­намасына сәйкес объектілердің қыз­метін тоқтата тұруға шараларды қа­былдауды.

8. Қала, аудан әкімдіктері, ау­мақтық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдарына қамтамасыз етуді:

1) медициналық ұйымдарда, қарт­тар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, сәбилер үй­лерінде, балалар үйлерінде, әлеу­меттік оңалту орталықтарында, мүм­кіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттық үлгідегі оқу орындарында карантин және санитарлық дезинфекциялық режимді сақтауды;

2) қызметті жүзеге асыратын бар­лық нысандардағы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық ре­жим­ді (қолды залалсыздандыруға ар­налған санитайзерлерді орнату, беткі қабаттарды күніне екі реттен кем емес өңдеу, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып ылғалды тазалау, желдету);

3) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, қоғам­дық көліктің әрбір рейс алдында, әуежай, темір жол және автовокзалдарды, супермаркеттер, базарлар, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), спорт снарядтарын, балалар және спорт алаңдарын, көше орындықтарын, бан­коматтарды, банк терминалдары мен POS-терминалдарды залалсыздандыруды.

9. Қармақшы ауданының әкім­дігі, Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің «Байқоңыр» кешенін­дегі Арнаулы өкілінің қызметін қам­тамасыз ету басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаменті  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль жолында енгізілген блок-бекеттерде Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округіне кіру/шығудың тоқтатылуын жалғастыруды.

10. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және қала, аудан әкімдіктеріне коронавирусты инфекцияның профилактикасы бо­йынша Қызылорда облысындағы шектеу шаралары, оның ішінде карантин туралы интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде жадынамалар тарату, хабарландырулар, инфографика, видеороликтер, жүгіртпе жолдары арқылы және т.б. арқылы жаппай түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді.

11. Екінші деңгейдегі банктер­ге, «Қазпошта» АҚ филиалына, айыр­бастау пунктеріне, пошта­лық, коммуналдық, телекоммуника­ция­лық қызмет көрсететін кәсіп­орындар мен ұйымдарға:

1) банктердің ғимараттары мен мекемелерінде, бөлімшелерінде, тө­лем қабылдайтын орындарда, кас­­саларда, жұмыспен қамту орта­лық­тары  қызметкерлер мен клиент­тердің (пирометрлермен, қашықтық термометрмен) температурасын өл­шеуді міндетті түрде сақтауды, ке­зектерде (1,5 метрден кем емес) ара қашықтықты сақтауды, бет­пер­делік режимді, санитариялық-де­зинфекциялық талаптар мен ере­­же­лерді қатаң сақтай отырып, халықты тиісінше қабылдауды ұйым­дас­ты­руды жалғастыруды;

2) үй-жайлардың ішінде және іргелес аумақта, оның ішінде бан­коматтар, кассалар жанында ұйым­дастырылмаған кезектердің болуына жол бермеуді жалғастыруды.

12. Қызылорда облысының тұр­ғындары мен қонақтары эпиде­миологиялық ахуал тұрақтанғанша қоғамдық және адамдар көп жиналатын орындарда бетперде киюге міндетті.

13. Барлық мемлекеттік орган­дардың, ведомстволардың, меншік нысанына қарамастан мекеме, ұйым­дардың, кәсіпорындардың қыз­мет­керлері Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулы­лары талаптарының сақталуын қам­тамасыз етсін.

14. Қала, аудандардың Бас мем­лекеттік санитариялық дәрігерлері аумақта енгізілген шектеу шаралары, оның ішінде карантиннің мер­зімін ұзартуды және қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халықтың тыныс- тіршілігін қалпына келтіру мақсатында эконо­миканың жекелеген салалар бо­йынша қызметін шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдетуді жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

15. «Карантиндік шараларды күшейту туралы» Қызылорда об­лы­сының Бас мемлекеттік сани­тариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі №11 қаулысының күші жойылсын.

16. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

17. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қызылорда облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері     

А.Абдикаимова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<