2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні

1284

0

Елімізде аутизмге шалдыққан 6 мың бала бар. Бұл жөнінде Мassaget.kz жазды.


Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың 96,58%-ы тәрбие, оқыту және түзету-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Аутизмі бар балаларды жалпы білім беру процесіне тартуға көп көңіл бөлінеді.


Қазақстанда қазір аутизмі бар балалардың өсуі байқалады. Әсіресе бүлдіршіндердің арасында көп кездесіп жатыр. Сондықтан ауру белгілерін ерте анықтау, алдын алу мен түзету, білім беру мекемелерінде оқыту – қазіргі таңда маңызды мәселе болып отыр. Біз қоғамда аутизм мәселесі бар екенін жиі айтуымыз керек. Өйткені бұл балалар да басқа балалармен бірге өсіп, ерекшелігін байқамауы тиіс, – дейді  ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайы Майра Мелдебекова.

2020 жылдан бастап мектептерде аутизмі бар балаларды оқу процесінде сүйемелдейтін педагог-ассистент лауазымы енгізілді.

Білім және ғылым министлігі ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен, оның ішінде аутизмі бар балалармен жұмыс жасау бойынша арнайы педагогтерді даярлауды қолға алып отыр. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларына арнайы модульдер енгізілген.

Сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2025 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар жандарды, оның ішінде аутизмі бар балаларды қабылдауға дайындалған мектептердің үлесін 70%-ға дейін, ал колледждер мен ЖОО-лардың үлесін 100%-ға дейін арттыру жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<