2022 жылдың алғашқы үш күнінде ауа райы қандай болады

609

0

Синоптиктер 2022 жылғы 1-3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Ақ теңіз аудандарынан жылжып келе жатқан солтүстік-батыс циклонф, республикамыздың батысына жауын-шашын (көбінесе қар) алып келеді, содан кейін шығыс бағытта жылжып республиканың қалған бөлігіне жетеді. Тек Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елімізде жел 15-23 м/с дейін күшейеді, батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ болып, солтүстік және орталық өңірлерде боран соғады», делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды және аяздың беті қайтады.

3 қаңтарда еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 10…18, күндіз 3-8 градус суық болады, оңтүстік жартысында термометр бағаны 0-5 градусқа жетеді, кей жерлерде 0 … 10 суық, күндіз 3 … 13 жылы болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<