2024 жылы еліміз өзін-өзі алмамен толық қамтамасыз етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі таңда алманы жалпы тұтыну көлемі 344,3 мың тоннаны, импорт 144 мың тоннаны құрайды. Ішкі нарықты 6,6 мың гектар алаңда жаңа қарқынды бақтар салу есебінен молықтыру болжанып отыр», – деді агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндаған министр.
Оның атап өтуінше, жаңа бақтар отырғызуды негізгі бақ өсіретін өңірлер: Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары және Шымкент қаласында шоғырландыру ұсынылады.
«Жыл сайынғы бақ отырғызу көлемі орта есеппен 2 мың гектар болады. Бұл толық жеміс беруге біртіндеп шыға отырып, алмаға деген тапшылықты жойып, 2024 жылы өз-өзімізді толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Сапархан Омаров.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<