25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

716

0

Қазгидромет 25 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 ақпанда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Қар жауып жаяу бұрқасын болады. Батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады және көктайғақ құбылыстары күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз солтүстігінде – көктайғақ, батысында, оңтүстігінде – тұман, солтүстік-батысында, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығысында, күндіз облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстік-батысында тұман, солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, жел 18 м/с күшейеді, күндіз көктайғақ болады. Қостанай облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15 м/с күшейеді, облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<