Аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеудің үлесі өткен жылдармен салыстырғанда жоғары. Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үлесі 7,58%. Өткен жылы көрсеткіш 3,19%-ы құраған. Қалдықтарды жинау және тасылмадау қызметінде де өзгеріс бар. 6 айдың қорытындысына сәйкес, өңір тұрғындарының 60,87%-ы тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.
– Қалдықтарды сұрыптау арқылы оны полигонға жеткізу маңызды. Бүгінде экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының үлесін 3,45% жеткізу жоспарланып отыр,-дейді Жұлдызай Айтжанова.
Айта кетейік, аумағы 20 гектарды құрайтын, жылына 60 мың тонна қатты қалдықтарды сұрайтын жаңа полигон пайдалануға берілмек. Белкөл кентінде орналасқан полигон мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясында іске асырылады.





