400-ге жуық көпқабатты үйдің подъезіне бейнебақылау орнатылды

381

0

400-ге жуық көпқабатты үйдің подъезіне бейнебақылау орнатылды Бұған дейін Алматы, Ақтөбе, Астана қалаларында пилоттық жоба ретінде іске асқан жоба «Бұлтты бейнебақылау қызметі» жобасы былтырдан бастап біздің өңірде де қолға алынды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов мәлімдеді.

Бейнебақылаудың тиімділігі – ұрыларға тосқауыл болады, түн мезгілінде көлік ұрлаушылардың жолын кеседі, сондай-ақ, бейберекет үй ауласын ластап кететіндермен күреседі.

Облыстық «Қазақтелеком» АҚ-ның Белсенді сату орталығының бөлімінің басшысы Жанар Көзбаеваның айтуынша, биылғы жылдың 1 сәуіріне дейін 393 көпқабатты үйдің подъездеріне бейнебақылау орнатылды. 224 абонент қызметке қосылды. Қараша айына дейін 200 подъездге бұлтты бейнебақылау қойылады дейді.

Айта кету керек, бейнекамералар Астана, Мерей, Сырдария, Ипподром мөлтек ауданында және Бейбарыс көшесіндегі үйлерге орнатылды. Жылдың аяғына дейін 600-ге жуық подъезд бұлтты бейнебақылау қызметімен қамтамасыз етіледі. Ал, қызметтің құны әр абоненттен 300 теңге деп белгіленген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<