Облыстық партия активі отырысы өтті

778

0

Аймақтық партия филиалы төрағасы, облыс әкімі Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызының төрағалығымен облыстық партия активі отырысы өтті.


Актив отырысына облыстық Саяси кеңес мүшелері мен партия ардагерлері, облыстық мәслихаттағы партия фракциясы мүшелері мен аумақтық партия филиалдары төрағалары, партия филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен бағдарламалар әкімшілері, бастауыш партия ұйымдары жетекшілері мен «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Төрешова Ләйлә Бегалықызы кезектен тыс ХХІІ съез қорытындылары мен партияны жаңғырту бағдарламасының басым бағыттарын іске асыруда алда тұрған міндеттер жайында баяндама жасады.


Мұнан соң партияның жаңғыру жұмыстары бойынша облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы, Партиялық қызметтегі жауапкершілік пен партиялық бақылау жұмыстарын жаңаша жүргізу туралы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жүнісов Абайбек Талғатұлы, партиялық жаңғырудағы жастар алдында тұрған міндеттер туралы жас депутаттар корпусының мүшесі Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы хабарлама жасады.


Актив отырысының күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, жиын соңында филиал төрағасы Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы аймақтағы барша партия белсенділерін Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру бойынша реформаларында айқындалған еліміздің табысты дамуына бағытталған міндеттер мен партияны жаңғырту жұмыстарын бірлесе де белсенді атқаруға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<