Аудан әкімі Әшім Оразбекұлымен кездескен шығармашылық топ өкілдері аудандағы ауқымды жұмыстар мен әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған іргелі істер, алдағы жоспарлар туралы сөз тарқатты.
Мұнан кейін №252 Г.Ковтунов атындағы мектеп-гимназияда өткен оқырмандармен кездесу жиынында бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Айталық, мұғалімдер «Сыр бойы» газетінің жанынан ұстаздарға арналған журнал ашылса деген ойын білдірді.
Сондай-ақ, аудандық кітапханада оқырмандармен кездесу жиыны өтіп, аға басылымдар өкілдері «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС және «Ару-ана» шұбат өңдеу цехынының жұмысымен танысты.





