Әлем чемпионатынан табысты оралды

1015

0

Жуырда Түркияның Ыстамбұл қаласында каратэ-додан әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді.


«Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 32 ҚР спорт шебері, 33 ҚР Ұлттық құрама командасының мүшелері білім алады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған ҚР XI жазғы Универсиадасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жалпы командалық есепте бестікке кірді. Нәтижесінде, біздің қоржынымызда 11 алтын, 10 күміс, 25 қола медаль бар. Спорттың командалық түрлері бойынша тоғызқұмалақтан – 1 орын, армрестлинг, шахмат, волейбол, шағын футболдан – 3 орын иеленді. Атап айтсақ, Алишершарип Қонысбек 60 келі салмақта, Дамир Камал 67 келі салмақта, Бақдаулет Кубаш 76 келі салмақта, Асемгүл Ердәулет 50 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан оза шауып, Әлем чемпионатында алтын медальға ие болды. Спортшыларды тартысты додаға дайындауда жаттықтырушылары Нұрбол Тойшыбаев пен Нұржан Ақпанбеттің еңбегі зор», – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университтетінің проректоры Жандос Базартай.


Әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болған өрендерде бұл доданың маңыздылығына тоқталып, қолдау білдірген барлық жерлестерге өз алғыстарын жеткізді.

–Әлемдік дода әрине оңай болған жоқ. Біз осы жарысқа тыңғылықты дайындалып, еліміздің абыройын асқақтатуға барымызды салдық. Осы орайда Қорқыт ата университетінің басшылығына және барлық қолдау білдірген жандарға алғысымызды білдіреміз, – деді әлем чемпионатынын жүлдегелері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<