Әріптестік жайлы Меморандумға қол қойылды

628

0

2021 жылғы 26 қарашада Түркістан қаласында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ҮІ Құрылтайы өткізілді. Құрылтай барысында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесін көтеру мақсатында маңызды жұмыстардың жалғасатындығы, оған Үкімет тарапынан барынша қолдау көрсетіле беретіндігі айтылды.

Қоғамның жаңа бағдарламасы мен Жарғысы қабылданып, қоғамның президенті болып Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы сайланды.


Осы ретте, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмысына жаңа серпін беру мақсатында бірқатар міндеттер жүктелген болатын. Соның ішінде «Қазақ тілі» қоғамы тіл тақырыбынан бөлек ұлттық рухани даму, ұлттық мүдде, салт-дәстүр бағытындағы мәселелер бойынша да жұмыстар жүргізілу керектігі баса айтылды.


Осыған байланысты 2022 жылғы 4 наурызда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы мен Қызылорда облысының ішкі саясат, мәдениет, білім, дене шынықтыру және спорт басқармалары арасындағы мемлекеттік тіл мен ұлттық салт-дәстүрді кеңінен қолданудағы өзара іс-қимыл мен әріптестік жайлы Меморандумға қол қойылды.


Меморандум аясында ішкі саясат басқармасымен мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, латын графикасына көшу, рухани жаңғыру бағытында, білім басқармасымен мемлекеттік тіл мен салт-дәстүрді насихаттау бағытында, мәдениет басқармасымен ұлттық музыканы пайдалану, қазақ тілді ресурстар мен контенттер әзірлеу, дене шынықтыру басқармасымен түрлі спорттық іс-шараларды мемлекеттік тілде өткізу, ұлттық спортты насихаттау жұмыстары жүргізілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<