Әскери-техникалық мектеп жаңа курсанттармен толықты

860

0

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Қызылорда қаласындағы әскери-техникалық мектебі 2022 жылдың алғашқы 21 курсантын қабылдады.


Олар алдағы бір айдан астам уақыт аралығында жоспарға сай тиісті жауынгерлік даярлықтарын шыңдап, әскери тәртіппен танысады. Әскери теориялық жетілдірген білімдерін іс-тәжірибеде қолдануға да уақыттары жетерлік. Сарбаздар әскери ант қабылдау рәсіміне дейін екі мәрте қарудан оқ атып тәжірибеден өтеді. Тактикалық дайындық пен қаруды қалай қолдану керектігін де меңгереді.


– Қырық күн ішінде әскери өмірдің барлық қыр-сырын толық меңгеру әрине қиын. Бірақ та, осы мүмкіншілігімді пайдалана отырып қару-жарақты қалай пайдалану керектігі мен әскери тәртіпті үйреніп, басқа жауынгерлік тапсырмаларды сенімді орындауға дайынмын. Осы техникалық мектепті бітіріп, әскери ант қабылдау алдағы басты мақсатым, – дейді әскери-техникалық мектебінің курсанты Мағжан Сайлау.

Аталған әскери-техникалық мектепте сарбаздарға әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруіне мүмкіндіктер көп. Дәріс беретін мұғалімдердің білімі мен біліктілігі және курсанттармен жұмыс істеу тәжірибелері де жоғары. Мектеп оқытуды сапалы ұйымдастыру үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<