«Аграрлық несие корпорациясы» тиімді бағдарламаларды іске асыруда

731

0

Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда «Аграрлық несие корпорациясы» тауар өндірушілерді қаржыландырудың 3 бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Биыл бұл бағдарламалар аясында өңірге 7 млрд.теңгеден аса қаражат қарастырылмақ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы Маханбет Тұрмаханов мәлімдеді.

-Ауыл шаруашылығы саласын дамытуда қолжетімді әрі тиімді жүйені қалыптастыру маңызды. Осы орайда біздің корпорация агроөнеркәсіптік тауар өндірушілерді қолдау мақсатында үш бағдарлама әзірледі. Атап айтсақ, «Кең дала» бағдарламасының несиелеу мерзімі келесі жылдың 1 наурызына дейін жалғасады. Ал пайыз мөлшерлемесі 5% құрайды. «Агробизнес» бағдарламасы құрылыс монтаждау жұмыстарына – 120 айға дейін, айналым қаражатын толықтыру – 48 айға қарастырылған. «Іскер» бағдарламасы 60 айға дейін қамтылған, – деді Маханбет Тұрмаханов.

Облыс бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ 51 млрд.теңге көлемінде инвестиция бөлінді. Сондай-ақ, қаңтар және ақпан айында 10 шаруа қожалығына 20 дана техника берілді.

-Жыл басынан көктемгі дала жұмыстарына дайындалу мақсатында 491 млн.теңге құрайтын 21 өтініш келді. Оның 5-і мақұлданып, 10 өтініш бойынша келісім шарт жасалды. Ал 4 өтініш қаржыландырудан бас тартылды, -деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Оразбек Қарақожаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<