Қала әкімдігіндегі кадрлық өзгерістер

739

0

 Қала әкімдігіндегі кадрлық өзгерістерҚызылорда қаласының әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды. Бұған дейін қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы енді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасына жетекшілік етеді. Ал оның орнына Руслан Қаюпов тағайындалды. 

Руслан Мұхамедәліұлы 1984 жылы 10 қарашада Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.

Жоғары білімді.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес» магистрі.

Еңбек жолын 2010 жылы «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қорының жастарды жұмыспен қамту жобасының аға-үйлестірушісі ретінде бастаған.

2011 – 2012 жылдары Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы;

2012 – 2013 жылдар аралығында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы;

2013 – 2014 жылдар аралығында Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы;

2014 жылы Қызылорда облыс әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығының бас эксперті;

2014 жылдан осы кезге дейін, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, қала әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.
Қала әкімдігіндегі кадрлық өзгерістер  2018 жылдың 5 шілдесінен бастап қала әкімінің өкімімен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Каюпов Азамат Биғалиұлы тағайындалды.
Азамат Биғалиұлы 1986 жылы 30 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
Еңбек жолын 2007 жылы «БИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары ретінде бастаған.
2008-2010 жылдары қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы;
2010-2011 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекші маманы, бас маманы;
2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сарапшысы, бас сарапшысы;
2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бас сарапшысы;
2015-2016 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы Акционерлік қоғамының менеджері;
2016 жылдан осы кезге дейін облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарды.

Ағымдағы жылдың 29 маусымында Қызылөзек ауылдық округі әкімінің лауазымына өткізілген сайлау қорытындысымен Қызылөзек ауылдық округінің әкімі болып Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлы сайланды.

Қала әкімдігіндегі кадрлық өзгерістер Сәкен Нысанұлын 1963 жылдың 8 қазанында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді.

1992 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист», 2000 жылы «Болашақ» университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Қызылорда қаласы, №9 кәсіптік-техникалық училещесінде шебер болып бастаған.

1994-2006 жылдары «Ауез ЛТД» ЖШС директор;

2007-2008 жылдары «Тұрғын үй Қызметі» МКК директоры;

2008-2009 жылдары «Қызылорда жарық сервис» МКК директор;

2009-2010 жылдары «Аманат» Қазақстан ұлттық зейнетақы қоры АҚ Қызылорда облысы бойынша директоры;

2015-2017 жылдары «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС директордың орынбасары;

2017 жылдан осы кезге дейін Қызылжарма ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде өткен Талсуат ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысымен Талсуат ауылдық округінің әкімі болып Нұрлыбаев Болатбек Қалиұлы сайланды.

Қала әкімдігіндегі кадрлық өзгерістер Болатбек Қалиұлы 1957 жылдың 3 қарашасында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді.

1992 жылы Ы. Жахаев атындағы Қызылорда ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығы құрылысы, инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы «Күріш» институтында аға техник ретінде бастаған.

1979-1980 жылдары «Казгипросельхоз» мекемесінде инженер-технолог;

1980-1996 жылдары «КызылордаАгроПромПроект» мекемесінде аға инженер, директордың орынбасары;

2000-2003 жылдары «Қазақавтожол» мекемесінде бас инженер;

2003-2004 жылдары «Дорстрой» ЖШС бас инженері;

2004-2012 жылдары «Қызылордамемсараптама» мекемесінде директор;

2012-2014 жылдары «Мемсараптама» Қызылорда облыстық филиалының директоры;

2014-2015 жылдары «Мемсараптама» Қостанай облыстық филиалының директоры;

2015-2016 жылдары «Қызылорда мұнай өндіру» заводының бөлім басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<