Алғашқы қоңырау соғылды

875

0

Алғашқы қоңырау соғылды Биылғы оқу жылында жалағаштық 840 бүлдіршін оқу табалдырығын аттады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға артық.
Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев 1 қыркүйек – Білім күніне орай кент орталығындағы 30 жылдық тарихы бар №201 мектеп – лицейінде өткен «Сыңғырла, сылдырла қоңырау!» атты салтанатты жиынға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– Білім саласының дамуы, ұстаздарды қолдау, оқушылар мен түлектерге барынша жағдай жасау – біз үшін қашан да ең басты міндеттердің қатарында. Біз білімге басқа бірде бір саламен салыстыруға келмейтін қолдау көрсетіп келеміз. Алғашқы қоңырау соғылды  Биылғы жылдың өзінде мектептердің және оқушылар Үйінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 121 млн. 293 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Ауданымыз Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде, сондай-ақ грант иелену көрсеткіші бойынша алдыңғы орындарда. Бұл – ең әуелі біздің мұғалімдеріміздің еңбегі, – деді аудан басшысы.
Шарада Қайратбек Әубәкірұлы бірінші сынып оқушыларына Елбасының «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын табыстап, мектептің материалдық-техникалық базасымен танысты.
Атап өтейік, №201 мектеп-лицей облыс әкімі бекіткен 46 инновациялық мектептер қатарында. 2018-2019 оқу жылында 1 сыныпқа 120 оқушы қабылданды. Өткен оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 95 пайыз көрсеткіш көрсетіп, 7 оқушы 100-ден жоғары балл жинады. 25 оқушы жоғары оқу орнына, 4 бітіруші арнаулы оқу орнына мемлекеттік грант негізінде оқуға түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<