Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

792

0

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер 4-6 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

«4 қаңтардан бастап жылу мен ылғал республиканың басым бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Жауын-шашын болып, арты қарлы боранға жалғасады. Сондай-ақ, жел күшейіп, ауа температурасы жоғарылайды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Батыстағы суық антициклон циклонның артқы жағына ауысатыны атап өтіледі, бұл жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

«Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында термометр түнде 20-25, кей жерлерде 30 аязға дейін төмендейді», – деп болжайды синоптиктер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<