Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

652

0

Синоптиктер 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.


«Атлант мұхитынан келген циклон мен атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты елімізде ауа райы құбылмалы болады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, солтүстік өңірлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, сондай-ақ боран соғуы ықтимал», делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжауынша, 17-18 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын болуы ықтимал.


18 қарашада солтүстік-батыстың суық антициклоны келетіндіктен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы солтүстік-батыста түнде минус 12-ден 17-ге дейін, күндіз минус 7-ден 12-ге дейін, солтүстікте, орталықта түнде минус 13-тен 20-ға дейін аяз болады, күндіз минус 5-тен минус 15-ке дейін суық, шығыста түнде минус 6 градустан минус 18-ге дейін, күндіз минус 1-ден 10-ға дейін суық, оңтүстік өңірлерде түнде минус 5-тен 13-ке дейін суық, күндіз минус 5-тен плюс 5-ке дейін жылы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<