Алғыс сөздер жазылған шарлар көкке ұшырылды

468

0

Алғыс сөздер жазылған шарлар көкке ұшырылды Қызылорда қаласында Алғыс айту күніне орай «Алғыс – ел сыйы» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. 
Оған облыс әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Қырымбек Көшербаев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестік мүшелері, төтенше жағдай, жедел жәрдем және әлеуметтік көмек қызметкерлері, ақ жаулықты аналар, аға буын мен ұстаздар қауымы, қала тұрғындары және республикалық, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Достық үйінің алдында этномәдени бірлестіктер басшылары мен белсенділері және жастардан құралған топ аспанға алғыс жазылған шарларды ұшырды. Тілек-алғыс сөздер жақсы істердің бастауы болсын деген ниетпен шараға келген қонақтар «Тілек ағашына» ізгі лебіздері жазылған парақшаларды ілді.  
 Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Жүректі жылытар жылы сөз, бір-біріне жақсылық жасау, ризашылық сезім, ақ тілекпен алғыс білдіру – адамзат баласының ең ізгі қасиеттері екені белгілі. «Алғыс арқалаған асыл жандарға» патронаттық тәрбие беруші отбасыларға, жүрегі мейірімділікке толы жедел-жәрдем және адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалу жолында аянбай еңбек етіп жүрген төтенше  жағдай қызметкерлері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетушілерге ерекше ілтипат көрсетілді. Ел мұраты үшін жасап жүрген берекелі істері үшін облыс басшысына, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, тыныштықтың бағасын біліп, бейбіт өмір үшін ұйқысыз түн қатқан шекарашыларға, ерте көктемнен сарала күзге дейін тынбай еңбек етіп жүрген Сыр диқандарына, қаламыздың сәулетіне сән кіргізген құрылысшыларға арналған алғыс айтылған арнайы телеграммалар оқылды.  
Айта кету керек, бұл мереке әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні болып табылады. Осы орайда, жарқын мереке әсем әнмен және көркемөнерпаздардың мың бұралған биімен жалғасын тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<