АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

345

0

АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ Сейсенбі күні қаламыздағы 13 техникалық және кәсіптік білім беру колледжінен, «Серпін-2050» бағдарламасына қатысушы білім беру ұйымдарынан құралған топ үгіт-насихат жұмыстарын бастады.
Бұл шара Елбасыныӊ «Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында өтеді. «Талапқа талғам – таразы» атты ақпараттық керуен кәсіби бағдар беру мақсатында облыс аудандарында мектеп бітіруші түлектеріне мамандық таӊдау бағытында кеңес береді.  
Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы өзекті мәселелердің бірі – кәсіби бағдар беру жұмыстары. Бұл талапкерлерге болашақ мамандығын қателеспей таңдауына мүмкіндік беретін үлкен көмек.
2013 жылдан бастау алып, жыл сайын дәстүрлі шараға айналған  кәсіби бағдар беру керуені 15-18 мамыр аралығында барлық ауданда болып оқушылармен кездеседі. Керуеннің көмегі орасан. Мәселен, былтыр атқарылған жұмыстар нәтижесінде түлектердің 97% оқуға түскен.
Биылғы «Талапқа талғам таразы – 2018» кәсіби бағдар беру керуені қатысушыларына облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бекжан Есенбаев сәттілік тіледі.
– Негізгі мақсат – оқушыларды кәсіп пен мамандық жөнінде хабардар ету. Бұл жерде жалпылама ақыл-кеңес беру оқушылар арасында өте күрделі құбылыс. Мамандық таңдау – өмірдегі өз орныңды табудың алғашқы баспалдағы. Қазіргі таңда кәсіби бағдар беруде атқарылып жатқан жұмыстар жемісін беріп жатыр. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізе береміз, – деді бөлім басшысы.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<