Апостиль дегеніміз не?

1029

0

«Апостиль» мөртабанын қою (кейде бұл рәсімді «жеңілдетілген заңдастыру» немесе «апостильдеу» деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде – «апостиль» мөртабанын қою қолданылатыны туралы айтылды. Апостиль дегеніміз-бұл құжатқа қол қойған лауазымды тұлғанын қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландыратын арнайы мөртаңба болып табылады.


Бір жағынан апостильдеу мейлінше жылдам және оны тек қана бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген деп аталады.


Егер құжатты дайындаған ел Гаага конвенциясына қатыспаса, оны консулдық заңдастыру қаже болады. Бұл айтарлықтай күрделі рәсім, ол құжатты ҚР Әділет министрлігінде, ҚР СІМ органдарында, бұдан кейін ҚР баратын елдің консулдылығында куәландыруды талап етеді. Бұл жерде құжат консулдық белгілісі бар елдің аумағында ғана заңды күшіне ие болады.


Сондай-ақ заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен коммерциялық құжаттарға қатысты: шарттар, инвойстар, коносаменттер, түрлі тауарды таратушы құжаттар және сыртқы экономикалық қызметке байланысты өзге құжаттар, олар үшін жекелеген рәсім бар – құжат ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында (жуырда Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының құрамына кірді), бұдан кейін баратын елдің консулдығында заңдастырылады.


Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға уәкілетті мемлекеттік органдардың апостиль қою үшін мемлекеттік баж салығы АЕК-тің (2918 теңге) 50 пайызы мөлшерінде әр құжат үшін 1459 теңге алынады.

Ж.Әбдраманова,
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының психолог-инспекторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<