Арал ауданындағы көзі тірі үш ардагердің екеуі Сексеуіл кентінде тұрады

458

0

Арал ауданындағы көзі тірі үш ардагердің екеуі Сексеуіл кентінде тұрады Аралдық Берден Тұрсынбаев Ұлы Отан соғысында отарбамен талай жау бекіністерін бұзып өтіп, алғы шептегі Кеңес әскеріне оқ-дәрі жеткізген.
Қайтар жолда жаралы жандарды госпитальге тасыған. Ал Тәужан Жанасов атты әскер құрамында барлауға шығып, жаудың құпия жоспарын әшкерелеуге атсалысқан. Арал ауданындағы көзі тірі 3 ардагердің 2-еуі қазір Сексеуіл кентінде тұрады.
Жастайынан ауыр жұмыстарға жегілген Берден ақсақал 1943 жылы соғысқа аттанып, 2-Белорусь майданына қатысты. Туған жерінде паровозда от жағушы болған аралдық сарбазға әскери отарбаны басқару сеніп тапсырылады. Содан ол 1948 жылға дейін азат ету және қираған қалаларды тазарту жұмыстарымен айналысты.
Берден Тұрсынбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері:
– Витебск қаласын азат етуге қатыстым. Жаралы болып, госпитальда жаттым алты ай. Қайтадан әскерге жіберді. Уралап, Витебскіде қарсы алдым жеңісті.
Ал Тәужан қария Украина жерін жаудан азат етуге атсалысқан. Аралдан Харьковке топ ете қалған қазақ сарбазы Киев, Житомир қаласына бекінген фашистердің қамалын бұзуға қатысқан. Тақымы мықты ауыл баласы атты барлаушылар құрамына алынған.
Тәужан Жанасов, Ұлы Отан соғысының ардагері:
– Барлауға барып келдім. Елді мекенде неміс жоқ деді, Карпаттан өткенбіз атпен. Содан қайтарда атты, атқан оғы атқа тиді. Мен ұшып түстім, содан бір жарым ай бойы төбемнен жаралы болып, ауруханада жаттым. Оқтан жаралы болғаным жоқ, құлағаннан. Атымды атып өлтірді, сол жерде қалды.
Жарасы жазылғасын қайтадан қару асынған Берден ақсақал Чехословакия мен Польшаны алу үшін болған кескілескен шайқастарды тебіреніспен еске алады. Варшавада жүріп поляк қызына ғашық болып, сөз байласқан. Бірақ туған жерге деген сезім жеңіп, алғашқы махаббатын қиып кете барды.
Тәужан Жанасов, Ұлы Отан соғысының ардагері: – Полякты Янберск деген қалада тұрғанымда кездестірдім. Сол қайтарда алып қалғанмын, уәделесіп кеткенмін. Соған Сталин рұқсат бермеді. Польшада қалам десең, қал деді, бірақ Кеңес Одағына апармайсың деді. Қарындасым мен шешемді қалай қиып тастаймын. Отаныма барамын, маған туыс, туған жерім керек. Ақшатау деген жерде туылдым.
Тәужан Жанасов 1948 жылы әке атанып, Мәрия атты қызы дүниеге келеді. Бірақ Украина жерінде. Зоя Ковалева деген орыс қызымен отбасы құрған сарбаз туған жердің түтіні ыстық деп, елге келгенде ағайын-туысы қолқалап, Раушан есімді аруға қосады. «Ұлы Отан соғысы», «Ерлігі үшін», «Г.Жуков» медальдарын тағынған қарт майдангер қаруластарымен қатар қызы Мәриямен де араласып тұрады.

www.24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<