Аралда мол суды қауіпсіз өткізуге назар аударылды

630

0

Арал ауданының әкімінің орынбасары Еркін Әбішев Сырдария өзенімен өтетін мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында бірқатар елді мекендерді аралады.


Оған облыстық жұмылдыру басқармасының және су шаруашылығы мамандарынан құрылған жұмысшы топпен келді. Топ мүшелері аумағынан Сырдария өзені өтетін елді мекендерде болды.


Жұмыс сапары барысында Құмбазар және Аманөткел ауылдық округтеріндегі дария суының деңгейін көріп, ауылдық округ әкімдерімен бірге ауылдағы каналдарға су алу үшін салынып жатқан су тоспадарын және басқа да жұмыстарды көріп шықты.

Сонымен қатар су тасқынының алдын алу үшін өзен бойындағы қорғаныс бөгеттерінің әлсіз тұстарын нығайтып, су көлемін бақылауда ұстау мәселелерін талқылап, жауапты мамандарға үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<