Арал ауданындағы төрт түлік малды қысқы маусымға қажетті жем-шөппен қамту мақсатындағы шаралар жалғасуда.
Өңірде жарияланған төтенше жағдайға сәйкес Болат Өтемұратов қорынан бөлінген қаржыға қуаңшылық қиындығын еңсеру бағытындағы бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі мал азығы үшін пайдаланатын бидай кебегі ауылдық елді мекендер мен қала тұрғындарына тегін тартылып келеді.
Бүгін аталған қор есебінен алынған бидай кебегінің кезекті легі ауданға жеткізілді. Кезектілікке сәйкес мал азығы Жақсықылыш кенті мен Қамыстыбас ауылдық округіндегі мал ұстап отырған тұрмысы төмен отбасыларға жергілікті жердегі қоғамдастық кеңесінің шешімімен үлестірілетін болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<