Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына орай, Семей ядролық сынақ полигонының зардабын жоюға қатысушы, 72 жастағы ардагер — Өтебалиев Серік Сәдуақасұлы бүгін Жалағаш ауданына келді.
Салауатты өмір салтын ұстанған Серік Сәдуақасұлы ауданымыздағы Семей атом полигонына қатысқан жалағаштық ардагерлермен және жастармен кездесіп, «Тағзым» аллеясында полигонда қаза тапқан ардагерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.
Арал ауданынан веложорыққа шыққан ардагерге аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Ерданұлы аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, сапарына сәттілік тіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<