ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢА БАЛАБАҚША ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУДЕ

740

0

 ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢА БАЛАБАҚША ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУДЕ Жөндеу жұмыстары басталып кетті, 20 шілдеге дейін аяқталады. Техникалық зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, жер асты суының көтерілуі салдарынан едендердің және ішкі қабырғалардың ірге тастарының отыруынан қабырғаларда жарықтар пайда болған.

 Қармақшы ауданы әкімінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Жалғас Сүйеубаевтың айтуынша, нысанның ішкі қабырғаларында жарық пайда болып, ірге тастарының отыруына байланысты ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап балабақша өз жұмысын уақытша тоқтатты.

  «Балабақшаның ішкі қабырғаларында жарық пайда болып, ірге тастарының отыруына байланысты ағымдағы жылдың  25 мамырынан бастап балабақша өз жұмысын уақытша тоқтатты. Орын алған ақауларға байланысты Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасына және Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына 25.05.2018 жылы тиісті хаттар жолданды. Ғимараттың техникалық жағдайына басқарма тарапынан «KZ Құрылыс сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген сараптама қорытындысымен жер асты суының көтерілуі салдарынан едендердің және ішкі қабырғалардың ірге тастарының отыруынан қабырғаларда жарықтар пайда болғаны анықталды», – деп мәлімдеді Жалғас Сүйеубаев.

 Ж.Сүйеубаевтың айтуынша, сараптама қорытындысы Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасынан Қармақшы ауданы әкімінің аппаратына 18.06.2018 жылы №03-27/1803 санды хатпен жолданды және аталған балабақша ғимаратында орын алған ақауларды қалпына келтіру үшін тиісті мердігер мекемеге рұқсат беру сұралған. Бүгінгі күнге тиісті жөндеу жұмыстары басталды, 20 шілдеге дейін толық аяқталатын болады.

Атап өтейік, Қармақшы ауданындағы «Айгөлек» балабақшасы 2017 жылы салынып, пайдалануға берілді, құрылысы 2016 жылы басталған еді.

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢА БАЛАБАҚША ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУДЕ «2013 жылы Қызылорда облысының құрылыс басқармасы арқылы «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 90 орындық «Айгөлек» балабақшасы құрылысы» нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп (жобалаушы мекеме «АбзалпроектКонсалтинг» ЖШС-гі), 20.12.2013 жылы №14-0583/13 мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Жобаның жалпы сметалық құны 250 млн. теңгеден астам. Құрылыс монтаж жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу өткізіліп, қорытындысымен «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі 228,7млн.теңгеге келісім шарт жасалған», – деп хабарлады облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының орынбасары Алмат Ізбасар.

 Одан бұрын әлеуметтік желілердегі «zello.kyzylorda» Инстаграм-парақшасы мен «Қызылорда» Фейсбук-парақшасында «Айгөлек» балабақшасының ғимаратындағы жарықтардың фотосуреттері жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

           

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<