15 қыркүйекте Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмастырылып, «Бәйтерек» бірлескен Қазақстан-Ресей жобасының іске асырылу барысы талқыланды.
«Байқоңыр» кешені жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы жұмыс тәртібі, сондай-ақ, Байқоңыр қаласын дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Қазіргі таңда инвестициялар тарту мақсатында Байқоңыр қаласында арнайы экономикалық аймақ құру мәселелері пысықталып жатыр. Сонымен қатар, кездесу барысында ғарыштық байланыс спутниктерін бірлесіп құру саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<